Қортабаева Г. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің филология факультетінің түлегі. Филология ғылымдарының кандидаты, ғылыми жетекшісі академик Ә.Қайдаров. Қортабаева Г. өз мамандығы бойынша жалпы білім беретін мектептерде директордың орынбасары, Ақтау пединститутында, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінде «Әділет» заң академиясында аға оқытушы, Шет тілдері және іскерлік карьера университетінде «Шығыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасында доцент, соңғы жылдары аға оқытушы болып қызмет атқарады. Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша «Түркітану» мамандығының «Оқу жұмыс жоспары», «Элективті пәндер каталогын» құрастырушы және координатор. ҚР білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен магистратура және докторантураның кешенді сұрақтарын құрастырушы және НЦТ-да эксперт. Қортабаева Гүлжамалдың 1 монография, 3 оқу құралы, 1 оқу-әдістемелік құралы, 1 танымдық-хрестоматиялық еңбектің авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған 4 ғылыми жобаға қатысып, ғылымға өз үлесін қосып келеді. «Құтты білік» клубының жетекшісі; «Түркі әлемі» газетінің координаторы, факультетте Академиялық сараптама мүшесі; Түркітану мамандығы бойынша республикалық РУМС-тың мүшесі.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.М.Киров атынд.ҚазМУ
Жоғары
1987

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
01.01.2001
Қызығушылығы